KAZENERGY VII Еуразиялық Форумы аясында Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтеді - Е. Ашықбаев

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2012 14:53
2-3 қазанда ҚР Үкіметінің қолдауымен Астанада «Өзгеріс кезеңіндегі әлем: тұрақты энергетикалық болашақты қалыптастыру» тақырыбында 50 елдің өкілдері қатысуымен KAZENERGY VII Еуразиялық Форумы өтеді.

altБұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Үкіметінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті.  

Форумның ашылу салтанатына Премьер-Министр Серік Ахметов қатысады деп күтілуде.

«Форум аясында энергетика саласының жаһандық тұрақты дамудағы рөлін, Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қосар үлесін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, энерготиімділік және экологиялық қауіпсіздік, сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу үшін жағдай жасауды көздейтін «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру жолдарын талқылауға бағытталған 10 бағдарламалық және 4 интерактивті пікірталас ұйымдастырылады. Сондай-ақ, форум аясында Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, Қазақстандағы Өндіруші салалардың ашықтық бастамасын дамыту жөніндегі IV Ұлттық конференция өткізіледі», - деді ресми өкіл.

KAZENERGY Еуразиялық форумы қазақстандық және халықаралық мұнайгаз және энергетикалық индустрияның стратегиялық маңызды мәселелері талқыланатын беделді халықаралық пікірталас алаңына айналды.

«Форум аясында Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өткізіледі. Бұл Қазақстанның маңызды әлеуетке ие екенінің және елімізде энергетикалық секторды, жаңартылатын энергетиканы, алдыңғы қатарлы инженерлік технологияны енгізуді дамыту бойынша қажетті де, маңызды шешімдер қабылданғанының айғағы», - деп түйіндеді Е. Ашықбаев.

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газЭкономикаҚР ҮкіметіЭкологияҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту