Дүниежүзілік мұнай кеңесі өзінің бір отырысын Астанада қазқұрамды дамыту мәселелері бойынша өткізеді

размер шрифта: Aa | Aa
03.10.2012 18:00
Дүниежүзілік мұнай кеңесі (ДМК) өзінің бір отырысын Астанада қазқұрамды дамыту мәселелері бойынша өткізеді, деп хабарлады Kazenergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев.

«Біз кеше Бертани мырзамен (Ренато Бертани, ДМК президенті- ҚазТАГ)дүниежүзілік мұнай кеңесінің бір отырысын жергілікті құрамды дамыту мәселелері бойынша, технологиялар трансферті бойынша Қазақстанда өткізу туралы келістік», - деді ол сейсенбі күні KazenergyЕуразиялық форумының шеңберіндегі баспасөз мәслихатында.

Ол кеңестің отырысы өтетін мерзімді атаған жоқ.

Еске сала кетейік, Kazenergy Еуразиялық форумының аясында Астанада ДМК атқарушы комитетінің жыл сайынғы отырысын 2012 жылдың қазанында өткізу туралы шешім 2010 жылдың қазанында Бейжіңде ДМК атқарушы комитетінің отырысында қабылданған болатын.

Дүниежүзілік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) 1933 жылы құрылған. Оған 60 мемлекет кіреді. ДМК-нің басты міндеті – ұйымға мүше-мемлекеттердің мұнай салалары өкілдерінің арасында ақпарат алмасу, талқылау үшін әлемдік мұнай конгрестерін өткізу. Қазақстан ДМК мүшелерінің қатарына 2008 жылы Kazenergy қауымдастығының бастамасымен қосылған.

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ- Айгүл Түлекбаева.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту