Қазақстандық МӨЗ-дердің модернизациясы $6 млрд-тан аса инвестицияны қажет етеді – ҚМГ басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
03.10.2012 18:01
 Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) модернизациясы $6 млрд-тан аса инвестицияны қажет етеді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ының (ҚМГ) басқарма төрағасы Ләззат Қиынов.

«Бұл жобаларды (барлық МӨЗ-дерді қайта жөндеуге - ҚазТАГ ) жүзеге асыруға инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд доллардан асады деп отырмыз. Жобаларды 2013-2015 жылдары жүзеге асыру жоспарланған», - деді ол сейсенбі күні Kazenergy Еуразиялық форумында.

Л.Қиыновтың айтуынша, қазақстандық МӨЗ-дерді қайта қалпына келтіру жобаларын жүзеге асыру: өндіріс көлемін жылына 19,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуға және мұнай өңдеудің орташа тереңдігін 89-90%-ға жеткізуге ; мазут өндірісін төмендетуге; ақшыл түсті мұнай өнімдерінің өндірісін арттыруға; бензин мен дизель отынының сапасын Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына дейін жеткізуге; қазақстандық МӨЗ-дердің орташа кешенділік индексін әлемдік көрсеткішке жеткізуге мүмкіндік береді.    

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ- Айгүл Түлекбаева.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту