Қазақстан президенті Eni басшысымен Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игерудегі ынтымақтастық жайын талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
03.10.2012 18:02
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Eni компаниясының бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады,деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

 «Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру мәселелері қаралды», - делінген сейсенбі күні Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.

Оған сәйкес, Н. Назарбаевқа «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен Eni компаниясының арасында 2009 жылы қол қойылған Қазақстанның өнеркәсіптік инфрақұрылымы объектілеріне инвестициялар салу бойынша ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісімнің жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Бұдан басқа, мемлекет басшысы Каспийде кеме жөндеу зауытының және Батыс Қазақстан облысында газ-турбиналық электр станциясының құрылысы бойынша бірлескен жобалармен танысты.

Eni әлемдегі ірі интеграцияланған компаниялардың бірі болып табылады. Қызмет ету саласы – мұнай-газ өнеркәсібі, электр қуаты мен мұнай-химия өнімдерінің өндірісі, кәсіптік қызмет көрсету және жобалау. 

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту