Ақордада ҚР мен РФ-ның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

размер шрифта: Aa | Aa
03.10.2012 18:03
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Газпром" ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшысын мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегі жөнінде хабардар етті», - делінген сейсенбі күні Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратында.

Сонымен қатар, тараптар табиғи газды және газ конденсатын өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және іске асыру  саласындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Газпром» ААҚ арасындағы өзара іс-қимыл мәселесін қарастырды.

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту