Әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті тауар шығаруға негізделу қажет - KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Т. Құлыбаев

размер шрифта: Aa | Aa
02.10.2012 10:21
Қазақстанмен қатар әлем нарығында пайдаланатын бәсекеге қабілетті тауар шығаруға негізделу керек.

altАстанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан KAZENERGY VII Еуразиялық форумында KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев осылай мәлім етті.

 «Қашаған» жобасындағы тиісті жұмыстар аяқталуға жақын. Алдағы жылы наурызда біз осы кен орнында  өнім өндіру жұмыстарын бастаймыз. Жалпы қазақстандық қамту жайы өте маңызды және мұнай өндірумен айналысатын барлық елдер осы мәселе тұрғысында кезінде жұмыс істеген болатын. Атап айтқанда, оның жалғыз ғана шешімі бар,  ол - Қазақстанда тауарлар мен қызмет көрсету өндірісін дамыту», - деді ол.

Осы орайда Т. Құлыбаев бүгінде елімізде қазақстандық қамтуды қолдаудың түрлі тетіктері ескерілгенін айтып өтті.

Бұл тұрғыда өндірілген бәсекеге қабілетті өнімдердің Қазақстанмен қатар, әлемдік нарықта да тұтынылуы маңызды екенін қадап айтты.

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚазақстандық тауарМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту