Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2013-2015 жылдары жаңғыртылады

размер шрифта: Aa | Aa
03.10.2012 10:32
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2013-2015 жылдары жаңғыртылады. Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан KAZENERGY VII Еуразиялық форумы барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.
alt

Белгілі болғанындай, аталған жаңғырту жұмыстарына 6 млрд. теңге қажет.

Оның сөзіне қарағанда, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларын жүзеге асыру өз кезегінде мұнайды өңдеудің көлемі мен тереңдігін арттыруға, оның ішінде ашық түсті мұнай өнімдері өндірісін жоғарылатуға, сондай-ақ бензин мен дизель отыны сапасының артуына мүмкіндік бермек.

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: АстанаМұнай-газЭкономикаӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту