Үкімет басшысы күні кеше бағасы шарықтаған бензин жырына соңғы нүкте қойды

размер шрифта: Aa | Aa
05.10.2012 10:36
ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов бензин бағасының таяудағы көтерілуіне орай түсінік берді.

altБүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында сөз сөйлеген Премьер-Министр кез келген уақытта жанар-жағармайдың шекті бағасы мұнайдың бағасымен есептелетіндігін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, көтерме және бөлшек сауда бағасы арасындағы айырма шамамен 17 теңгені құрайды. Бұл жанармай құю бекеті үшін өз шығындарын жабуға әрі белгілі бір маржа алуға мейлінше жеткілікті. Сондықтан да мұнай бағасы барреліне 104 долларды құраған кезде сәйкесінше, бензиннің де, дизель отынының да бағасы сол деңгейде болды. Яғни өздеріңіз білетіндей 90 теңге және одан жоғары», - деді ол.

Осыдан кейін бензин бағасының соңғы көтерілуіне тоқталған С.Ахметов: «соңғы баға көтерілуіне қатысты айтар болсам, бұл мұнай бағасының барреліне шамамен 114 доллар құрауына байланысты болды әрі сәйкесінше біздің бөлшек сауда рентабельділік пен кірістің сол деңгейін ала алған жоқ. Олар өткен айлар ішінде барынша мол шығынға ұшырады. Сондықтан да  есептерге арқа сүйеген монополияға қарсы комитет әртүрлі маркадағы бензин бағасын 3-тен 4 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады», - деді.

Сонымен қатар Премьер-Министр таяу күндері Парламент осы саладағы кейбір мәселелерді реттеуге ммкіндік  беретін «Жанар-жағармай бағасының шекті деңгейі туралы» сәйкесінше заң жобасын алатындығын жеткізді.

«Менің ойымша, біздерге бұл мәселені бірлесіп дұрыстап қараған жөн. Бәрі де нарықтық жағдайда болуы керек, авиакеросин бағасы төмендесе, билет бағасы да құлдилауы керек», - деді ол.

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ЭнергетикаЭкономикаҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту