2014 жылы Мәскеуде өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресі энергияны қамтамасыз етудегі жауапкершілікке негізделіп отыр

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2012 11:46
2014 жылы Мәскеуде өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесі конгресінің тақырыбы әлем үшін энергияны қамтамасыз етудегі жауапкершілікке негізделіп отыр.

altБұл туралы бүгін Астанадағы Дүниежүзілік мұнай кеңесі мәжілісінен кейінгі баспасөз мәслихатында аталған ұйымның бағдарлама бойынша вице-президенті Тор Фъяерон мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Мәскеудегі конгресс негізгі 4 блоктан тұрады. Біріншісі, мұнай және табиғи газды барлау және өндіруге арналады, екіншісі мұнай өңдеу мен мұнай химиясына негізделеді. Үшіншісі, тасымалдау, өңдеу мен газ маркетингісі тұрғысында болады.

Сондай-ақ, төртінші блок мұнай-газ секторы мен қоғам атты түсініктердің өзара іс-қимылына негізделмек.

«Осы орайда көп мәселе қаралады деп күтілуде. Яғни, онда біздің ұйымға мүше барлық елдердің мүдделері тұрғысындағы ұстанымдар талқыланады»,-деді вице-президент.

Оның айтуынша, Астанадағы мәжіліс барысында осы блоктарды тиімді ұйымдастыру мен мазмұнын толықтыру шаралары зерделенді. Т. Фиерманның сөзінше, Мәскеудегі конгрестің пленаралық сессиясында министрлер, компаниялардың бас директорлары және лауазымды делегаттар сөз сөйлейді. Сонымен қатар онда ынтымақтастықты тереңдетуге арналған елдік сессиялар өтетін болады. Жалпы конгресс бағдарламасы 4 күнге негізделіп отыр. 2014 жылдағы конгрестің тақырыбы «Өсіп келе жатқан әлем үшін энергияны қамтамасыз етудегі жауапкершілік қадамы» деп аталмақ.

АСТАНА.  3 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту