РФ-ның «ҚазМұнайГаздың» Ресей мұнайын ҚХР-ға экспорттау схемаларына көңілі толмай отыр – БАҚ

размер шрифта: Aa | Aa
09.10.2012 10:48
Ресей басшылығының «ҚазМұнайГаз» компаниясының РФ мұнайын экспорттау схемаларына көңілі толмайды және Қазақстанның кеден бекеттеріне өз өкілдерін жіберуді ұсынып отыр, деп жазыпты «Известия»газеті.

«Қазан айының соңында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Ресей мұнайының Қытайға реэкспортына қатысты жағдайды талқылайды. Қазақстандық «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік компаниясының Ресей бюджетіне экспорттық баж салығын төлемей, Қытайға Ресей мұнайының жеткізілімдерін арттыру жоспары Ресейге ұнамай отыр», - делінген «Россия растаможит нефтяные схемы Казахстана» деген .

Қазақстанда пайдаланылатын баж салығын төлемеудің схемасы формальды түрде ғана заңды болып табылады, бірақ «жылына $1 млрд көлемінде Ресей бюджетіне түспейтін кірістерге» алып келуі мүмкін. Сол себепті «ресейлік кеденшілер Қазақстан аумағынан баж салығынсыз экспорттың түсініксіз схемаларымен күресетін болады».

«Қазір Ресей үкіметінде осындай әрекеттердің жолын кесуге бағытталған шаралар пысықталып жатыр. РФ-ның федералдық кеден қызметі ... Қазақстан мен Белоруссияның кеден бекеттеріне өз өкілдерін жібере отырып, шешімдердің орындалуын бақылауға дайын екенін үкіметке хабарлаған», - деп хабарлайдыбасылым.

ҚР мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов мәлімдегендей, 2012 жылға индикативті жоспар «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы Қытайға 2 млн тонна Ресей мұнайын тасымалдауды қарастырады. Ол әзірге Ресейден мұнай аз көлемде жеткізіліп жатқанын айтты. Б. Ақшолақов мұнай жеткізетін компанияларды атай алмаған, тек оны CNPC сатып алатынын жеткізген.

«Известия» газетінің ресейлік «Транснефть» компаниясындағы дереккөзі мәлім еткендей, Б. Ақшолақовтың мәлімдемесі компания өкілдерінің ашуын тудырған, өйткені «Транснефть» компаниясының экспорттық кестесінде Қазақстан арқылы Қытайға мұнай жеткізу қарастырылмаған.

Маусым айының басында Бейжіңде «Энергодиалог Россия-Китай» форумында РФ вице-премьері Аркадий Дворкович Шығыс Сібір – Тынық мұхиты бүкілресейлік мұнай құбырына балама ретінде «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырын пайдалануды ұсынған. Алайда Владимир Путиннің Ресейге жасаған сапарынан кейін Қытайға мұнай Шығыс Сібір – Тынық мұхиты бүкілресейлік мұнай құбыры арқылы жеткізіледі деген шешім қабылданған, өйткені айдалатын мұнайдың көлемін азайтса, аталған мұнай құбырының тиімділігі түсіп кетуі мүмкін.

Қазақстан арқылы Қытайға Ресей мұнайын жеткізуге қатысты жағдай тамыз айында ушыға түсті, ол кезде Астана ресейлік компаниялар үшін 1 қырқүйектен бастап «Атасу-Алашаңқаймен» мұнай айдау құнын екі есеге - 1 мың км-ге тоннасы үшін  $11,3-ке дейін төмендететінін жариялаған. Ал қазақстандық мұнайшылар бұл үшін $25,8 төлейді, алайда бұлда Шығыс Сібір – Тынық мұхиты бүкілресейлік мұнай құбыры арқылы Қытайға мұнай айдаудан бағасынан (шамамен $70) бәрібір де арзан. Ресейде мұнай айдан бағасын арзандатуды демпинг деп қабылдаған.

Басылымның еске салуынша, Қазақстанның жалпы мұнай өндіру көлемі 80 млн тоннаны құрайды,оның 13 млн зауыттарда мотор майларына пайдаланылады. Ресей арқылы транзитпен Атырау-Самара құбыры арқылы Еуропаға 15 млн тонна мұнай жеткізіледі. Тағы 29 млн тонна мұнай Каспий құбыры консорциумы (КҚК) арқылы айдалады. Ал Қазақстанның мұнай өнімдеріне деген қажеттілігі жыл сайын артып келеді және ел бұл сұранысын Ресейдің жеткізілімдері есебінен ішкі бағамен қанағаттандырғысы келеді.

Ресей жыл сайын Қазақстанға 7 млн тонна мұнай жеткізеді, оның 5 млн тоннасы Павлодар МӨЗ-інде өңделеді, ал 2 млн тоннасы Шымкент МӨЗ-іне жеткізіледі, соңғысының біриесі қытайлық PetroChina компаниясы екені мәлім.

«Известия» газетінің нарықтағыдереккөздерінің айтуынша, PetroChina-ның Шымкент МӨЗ-іне деп алатын 2 млн тонна Ресей мұнайының едәуір бөлігі Атасу-Алашаңқай құбыры арқылы Ресей бюджетіне экспорттық салық төлеместен Қытайға жеткізілетін көрінеді (1 қазаннан бастап экспорттық баж салығы тоннасы үшін $418,9  құрап отыр). Бұл «географиялық своп»шеңберіндежасалады. Шымкент МӨЗ-і Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, сол себепті Ресей мұнайын бүкіл ел аумағымен тасымалдамау үшін PetroChina Ресей мұнайын экспорттық мұнай құбырына жібереді де, ал Шымкент МӨЗ-іне жақын маңдағы Құмкөл кен орнынан осындай мұнай көлемін жеткізеді.

«Известия»газетінің дереккөздерінің айтуынша,заң бойынша «географиялық своп» кеден заңнамасын бұзу болып табылмайды және логистиканы оңтайландыру болып табылады. Алайда Қазақстан Қытайға мұнай айдауға демпингтік тариф белгілегеннен кейін Ресей өз мұнайының Қытайға салық төлемей кетіп жатқанын байқаған. Екі ел президенттерінің келіссөзінде тарифті көтеруге айырбас ретінде своптық схемаларға наразылықтардан бас тарту мәселесі талқылануы мүмкін.

Қазақстан мұнай айдауға төмен тариф енгізгеннің өзінде Қазақстан арқылы Қытайға экспорттау бағыты ресейлік компаниялар үшін қызық емес. «Транснефть» компаниясының кестесінде бір тоқсанда 300 мың тонна көлемінде экспорттық жеткізілімдер көлемі резервке қойылған («Газпромнефть» пен ТНК-ВР компанияларында 150 мың тоннадан), алайда, компаниялар бұл квотаны таңдамай, басқа экспорттық бағыттарға басымдық беріп отыр.

Алматы. 8 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту