18 қазанда Лондонда 3-ші Қазақстандық бизнес форум өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
10.10.2012 09:49
18 қазанда Лондонда үшінші Қазақстандық бизнес форум (ҚБФ) өтеді, деп хабарлайды шараның ұйымдастырушылары.

«Форумда Қазақстан мен Ұлыбританияның арасындағы екіжақты байланыстарды дамытуға қолдау көрсету, республикадағы инвестициялық климатты нығайту мәселелері, Қазақстанның Еуропа кеңістігіне экономикалық интеграциясының алдағы перспективалары, индустриалды-инновациялық бағдарламаны, елдің аграрлық және көліктік әлеуетін дамытудағы негізгі бағыттар талқыланады», - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Форумда панельдік пікірталастар шеңберінде келесі тақырыптар ұсынылады: «халықтық» IPO және ҚР-да жүзеге асыру қағидалары, ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, ҚР экономикасының аграрлық секторының әлеуеті, көлік және коммуникация инфрақұрылымын дамыту.

ҚБФ шеңберінде министрліктер мен ірі ұлттық компаниялардың басшылары британдық және еуропалық іскерлік орталардың өкілдерімен консультациялары өтеді.

Форум ұйымдастырушыларының хабарлауынша, шараны ҚР үкіметінің және ҚР-дың Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Британдық сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырып отыр. 

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту