«Халықтық IPO» аясында «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын орналастыру кейінге қалдырылады – дерек көзі

размер шрифта: Aa | Aa
10.10.2012 09:51
«Халықтық IPO» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың қазан айында «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын орналастыру жоспарланған болатын. Бірақ ол үкіметтің ауысуына байланысты бір айға, мүмкін одан да көп уақытқа кейінге қалдырылды, деп хабарлады «ҚазТАГ» агенттігіне ҚР үкіметіне жақын жүрген дерек көз.

«Жоспар бойынша 1 қазаннан бастап биржалық өтініштердің кітабы қалыптаса бастауы керек болған, дегенмен үкіметтің ауысуына байланысты жоспарлар өзгерді, үдеріс әлі басталған жоқ. «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы (премьер-министр Серік Ахметов – ҚазТАГ) болуы керек. Және ол акцияларды орналастырудың нақты параметрлерін бекітуі қажет. Осыған байланысты, «ҚазТрансОйл» акцияларын орналастыру ағымдағы жылдың қараша айына қалдырылады. Мүмкін 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларына қалады», - деді дерек көзі.

Әңгімелесушінің айтуынша, ҚТО акцияларын орналастыру бағасынан басқа, параметрлердің барлығы талқыланды. Және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрылымына кірген ұлттық компанияларда «Халықтық IPO» өткізуді насихаттаған экс-премьер Кәрім Мәсімов болды.

Бұрын хабарланғандай, «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында 40 млн дана көлемінде қарапайым акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл компания акцияларының жалпы сананың 10% құрайды.

«Халықтық IPO» бағдарламасы 2015 жылға дейін есептелген және ірі, тұрақты мемлекеттік компания акцияларының қор нарығына кезең-кезеңмен шығуын қарастырады. Алғаш болып IPO-ға «ҚазТрансОйл» АҚ, одан кейін 2013 жылы «KEGOC» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Қазмортрансфлот» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ шығады.

2014-2015 жылдары IPO-ны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ,  «Қазатомпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ өткізеді.

«Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша акцияларды тек ҚР азаматтары ғана сатып алуға құқылы.

 «ҚазТрансОйл» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК құрамына кіреді. 5,3 мың шақырымға жететін магистарлдық мұнай құбыры жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдайтын бас оператор болып табылады. Бүгінгі таңда компания Қазақстанда өндірілетін мұнайдың барлығының 60% тасымалдаумен айналысады.

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту