Ұлттық банк басшысы «халықтық ІРО-ға» шамамен 15-20 мың қазақстандықтың қатысуын «жақсы көрсеткіш» деп есептейді

размер шрифта: Aa | Aa
11.10.2012 11:58
«Халықтық ІРО-ға» шамамен 15-20 мың қазақстандықтың қатысуы «жақсы көрсеткіш», деп есептейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.

alt«Менің ойымша, бәрін дұрыс жасаса, бұл (IPO-ға қатысушылардың саны – ҚазТАГ) 10-20 мың адам болуы мүмкін. Және бұл шынымен де «халықтық ІРО болады. Ресейде 3 «халықтық IPO» жүргізілді, бұл - Сбербанк, ВТБ және Роснефть. Ол жақта ВТБ-мен қатысты жағдайда ең көп дегенде 131 мың адам болған сияқты. Яғни, халық айырмашылығын ескерсек, бізде 14 мың болуға тиіс», - деді Г. Марченко сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Сондықтан да айтып отырмын: 15-20 мың адам болса, бұл меніңше, жақсы көрсеткіш», - деді ол.

Ұлттық банк басшысы «халықтық ІРО-ға» халықтың кедей топтары қатысатынына күмән келтірді.

«ІРО-ға халықтың кедей топтары қатыса алмайды деген әңгімені бастағанда, адамдар мынаны түсінбейді: халықтың кедей топтарына мұның қажеті жоқ. Олардың міндеттері басқа - өздерінің әл-ауқатының деңгейін қалай көтеру деген», - деп есептейді Г. Марченко.     

Еске сала кетейік, ҚР президентінің тапсырмасын орындау аясында үкімет «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын құнды қағаздар нарығына шығару бағдарламасын жасады.

«Халықтық IPO» бағдарламасы 2015 жылға дейін есептелген және аса ірі және тұрақты мемлекеттік компаниялардың акцияларын кезең-кезеңмен қор нарығына шығаруды қарастырады. IPO-ға бірінші болып «ҚазТрансОйл» (2012 жыл) шығады. 2013 жылы IPO-ға «KEGOC» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Қазтеңізтрансфлот» ҰТҚК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ шығады.

2014-2015 жылдары IPO өткізетіндер: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «ҚазМұнайГаз».

«Халықтық ІРО» бағдарламасы акцияларды ҚР азаматтарына, олардың мүдделеріне өкілеттік ететін қазақстандық зейнетақы қорларына сатып алуға мүмкіндік береді. 

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту