Ақтөбе облысының Көкжиде құмдарында жұмыс істейтін мұнай-газ өндіруші компаниялар жер астындағы тұщы суды ластап жатыр – прокуратура

размер шрифта: Aa | Aa
12.10.2012 14:01
Ақтөбе Көкжиде құмдарында жұмыс істейтін мұнай-газ өндіруші компаниялар жер астындағы тұщы суды ластап жатыр, деп хабарлады облыстық прокуратураның 1-ші басқармасының бастығы Маратбек Мирзамұратов.

«Бірнеше ірі жер қойнауын пайдаланушы Көкжиде құмдарында бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 3 мың метр тереңдіктен өндірілетін мұнайдың ілеспе газы бар, оның құрамында 3%-ға дейін күкірт сутегі бар. Газ негізінен алауларда өртеледі, олардың шығарындылары үлкен аумаққа жайылып, жерге қонып, топырақтың құнарлы қабатын ластап, өсімдіктерге зиян келтіріп, жерүсті суларының сапасын нашарлатып, атмосфералық жауын-шашынмен жерасты суларына өтеді», - деді ол бейсенбікүні агенттікке.

«Бұдан басқа, барлау және өндіруші ұңғымаларын бұрғылау  кезінде бұрғылау ерітіндісі су құмға сіңіп, жер астындағы тұщы суларды ластайды», - деді М. Мирзамұратов.

Оның ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың жазында қолданбалы экология агенттігінің құмдардағы  жерасты және жерүсті суларына жүргізген зерттеулері мұнай-газ компанияларына тиесілі ұңғымаларда мұнай өнімдерінің бар екенін көрсеткен.

«Қазіргі кездебіз басқа бақылаушы органдарды тарта отырып, аталған жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне тексеру жүргізіп жатырмыз. Алдын ала нәтижелер де бар, тексеру аяқталған соң сәйкес шарақабылданады», - деп қорытындылады  М. Мирзамұратов.

Көкжиде құмды массивінің жерасты сулары Ұрықтау газ конденсаты кен орны мен Көкжиде жабысқақ мұнай кен орнының ауданында орналасқан. 

Ақтөбе. 11 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту