Құжатқа сәйкес, экспорттық жеткізілімдерге бағаның қорғасынға – 10,7%, сұйытылған пропан мен бутанға – 10,6%, мұнайға – 8,2%, көмірге – 6,6%, ферроқорытпаларға – 4,4%, мырышқа – 2,7%, мысқа – 1,7%-ға төмендеуі, олардың газ конденсатына – 12,1%, мұнай өнімдеріне – 3,4%-ға жоғарылауы белгіленді. Баға мақтаға – 4,6%, темекіге – 1,6%-ға төмен, астыққа – 3,8%, жүнге – 0,8%-ға жоғары болды.
Импорттық түсімдерден маргарин – 3,9%, балық – 3,7%, кофе – 2%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, сүрек – 1,3%-ға арзандады. Макарон өнімдері – 9,7%, шұжық өнімдері – 8,9%, күріш – 7,4%, өсімдік майы – 1,6%-ға қымбаттады.