«Бейнеу-Бозой» газ құбыры 2015 жылға дейін толық іске қосылады

размер шрифта: Aa | Aa
12.10.2012 11:24
«Бейнеу-Бозой» газ құбыры 2015 жылға дейін толық іске қосылады.  Бұл туралы бүгін Парламент  Сенатында «Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бағдарламаларын  (2007-2011 жылдар) іске асыру үшін

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі" тақырыбында өткен Үкімет сағатында «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев  осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры жобасының толық құны 3,7 млрд. долларды құрайды.

«Оның 1 млрд. доллары капитал саналады және екі тараптан қалыптасады. Атап айтқанда, 500 млн. доллар Қазақстан тарапынан, 500 млн. доллар Қытай тарапынан қалыптасады. Бұдан бөлек, 2,7 млрд. доллар Қытай тарапынан несие ретінде құбыр салу жобасына жұмсалатын болады», - дейді Қ. Бишімбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда капитал толық қалыптасқан. Қазақстан өз міндеттемелерін де орындады. «Жоба жоспар бойынша атқарылып келеді. 2015 жылға дейін «Бейнеу-Бозой» жобасы толық іске қосылады», - деді ол.

  АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: «Самұрық Қазына» ҰӘҚМұнай-газҚР ҮкіметіПарламент
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту