Атырау МӨЗ-індегі апатқа қарамастан, Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығы болмайды, дейді МГМ

размер шрифта: Aa | Aa
17.10.2012 12:43
Атырау МӨЗ-індегі апатқа қарамастан, Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығы болжанып отырған жоқ, деп хабарлайды мұнай және газ министрлігі (МГМ).

«Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығы болжанып отырған жоқ, өйткені «ҚазМұнайГаз-Өнімдері» АҚ мұнай өнімдерінің «ПМХЗ» АҚ-ындағы ресурстары Атырау облысына жөнелтілді», - делінген министрліктің ҚазТАГ сұранымына берген жауабында.

Бұдан басқа, апаттан кейінгі алғашқы күндері Оралдан автокөлікпен Аи-92 бензині тасымалданған.

«…15 қазандағы жағдай бойынша, «ҚазМұнайГаз-Өнімдері» АҚ-ының ресурстарынан Оралдан Аи-92 маркалы бензинінің 160 т.м. жөнелтілді. Сонымен бірге, «ПМХЗ» АҚ-ындағы ресурстардан Атырау қ. бағытында Аи-92 маркалы бензиннің 547 тоннасы жөнелтілді, оның 161 тоннасы Атырауға жеткізілді», - делінген министрліктің ақпаратында.

МГМ ҚР нарығында жетпей отырған мұнай өнімдерінің көлемін қалпына келтіру шаралары қабылданып жатқанын хабарлайды.

«(Сұраныс бойынша бензиннің - ҚазТАГ) қалған 386 тоннасы жол үстінде. «ПМХЗ» АҚ-ында батыс өңірге жеткізу үшін Аи-92 маркалы бензиннің 660 тоннасына тапсырыс берілген», - деп хабарлайды ведомство.

ЖЖМ бағасына келсек, МГМ мәліметтері бойынша, бөлшек баға өзгермейді. «Мұнай өнімдерінің бөлшек бағаларына шекті баға белгілеу ережелеріне» сәйкес, оны құзырлы орган белгілейді.

Министрліктің хабарлауынша, зауыттың жұмысын 19 қазанға дейін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту