Бүгін Атырау МӨЗ бензин өндірісінің тоқтауына себеп болған құрылғыны жөндеуге кіріседі

размер шрифта: Aa | Aa
16.10.2012 11:44
Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорын АИ-92 және АИ-80 маркалы бензиннің өндірісін толығымен тоқтатуға мәжбүр болған құбыр учаскесін монтаждау басталады, деп хабарлады бас инженердің бірінші орынбасары Рүстем Бисалиев.

«Тозығы жеткен құбырдың учаскесі кесіліп алынды. Сейсенбі күні жаңа құбырдың монтажын бастау жоспарлануда. Бұл жұмыс сәрсенбі күні аяқталуы тиіс. Одан кейін 19 қазанда іске қосу-қалпына келтіру жұмыстары басталады. Іске қосудың үрдісі 2 күннен 5 күнге дейін жалғасады. Қазақстанның жанар-жағармай нарығындағы қиын жағдайды ескере отырып, жұмыстар тәулік бойы және әзірге белгіленген кестеден бұрын атқарылуда», - деді Р. Бисалиев.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорын жұмысының тоқтауы 6 қазан күні ЛГ-35-11/300-95 каталитикалық риформингтің құрылғысында болған апаттың салдарынан болды. Бұдан кейін құрылғы апатты түрде тоқтатылды.

Қазіргі уақытта АИ-92 және АИ-80 маркалы бензиннің жоқтығына байланысты олар зауыттан тиеліп жатқан жоқ. Тек дизельді отынды, мазут пен басқа да қара мұнай өнімдерін тиеу жүзеге асырылуда. Облыста мұнай өнімдерінің нарығында жағдай әзірше тұрақты. «ҚазМұнайГазӨнімдері» дереу арада Павлодар мұнайөңдеу зауытынан және де көрші Ресейден жоғары октанды бензинге тапсырыс жасады. Өңірге бензиннің қосымша көлемдерін жеткізу үшін облыста жанар-жағармай стансалары бар басқа операторлар барлық мүмкін шараларды атқаруда.

АТЫРАУ. 16 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыТөтенше оқиғаларапаттарМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту