Атырауда мұнай бұрқағы жойылды

размер шрифта: Aa | Aa
17.10.2012 11:46
Атырауда Қазақстанның бес облысының кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметтерінің мамандары кен орнындағы апатты - мұнай бұрқағының салдарын жойды.

Осындай жұмыстың дағдыларын құтқарушылар «Бұрқақ-2012» республикалық оқуларының барысында арнайы полигонда көрсетті.

Оқулар барысында құтқарушылар төтенше жағдай кезінде әрекет ете алу біліктіліктерін ғана көрсетіп қоймай, қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктерін іс жүзінде бағалай алды. Осындай оқуларда алғаш рет бұрқақтарды газ-сумен сөндіруге арналған қуатты жабдық орнатылған автомобиль жұмылдырылды. Осындай көлік Қазақстанда екеу ғана: біреуі Атырауда, екіншісі - Маңғыстау облысында. Бұл кешеннің қуаттылығы -  оның үш минутта 25 тонна суды жұмсауында.

Апаттық-құтқару қызметтерінің мүшелері сондай-ақ қысымы және температурасы жоғары ұңғымалардан мұнай мен газдың атқылауын тоқтату дағдыларын көрсете алды.

АТЫРАУ. 17 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту