Қазақстанның орталық өңіріне газ құбырын тарту жұмыстары келесі жылы басталады

размер шрифта: Aa | Aa
20.10.2012 11:48
Қазақстанның орталық өңірінде газ құбырын тарту жұмыстары келесі жылы басталады.

Бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай деді.

altЖалпы құны шамамен 209 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба келесі жылдан бастап «Самұрық-Қазына» қорының қаржыландырумен басталатындығын айтқан министр: «Самұрық-Қазына» 120 млрд. теңге сомасына қаржыландыруды жоспарлап отыр», - деді.

Оның атап өтуінше, еліміз үшін барынша маңызды саналатын бұл жобаның бірқатар қиындықтары бар. Өйткені, құбыр жүргізілетін аралық тым шалғай болуымен қатар тұтынушылар көп шоғырланған елді мекендер саны тым аз. «Кез келген жобаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың көп болғандығы маңызды. Бұл тұрғыда айтарлықтай қиындықтар бар», - деді Б.Жәмішев.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта  жобаны әзірлеудің соңғы кезеңі өтуде және келесі жылы оның құрылысы басталады.

«2014 жылы біз «Самұрық-Қазынамен» бюджеттен бөлінген осы шығыстарды өтеу мәселесін айқындайтын боламыз», - деді ол.

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Самұрық Қазына ҰӘҚМұнай-газҚР Қаржы министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту