Атырау облысында Теңіздегі жаңа зауыттың құрылысы белгісіз уақытқа кейінге шегерілді

размер шрифта: Aa | Aa
22.10.2012 11:52
 Атырау облысында «Теңізшевройл» компаниясының Теңіз кен орнындағы жаңа зауытының құрылысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды.

alt«Біз жобаны қарап шығып, онда қабылданған талаптарға бірқатар сәйкессіздіктерді таптық. Сондықтан заңды негізде бас тарттық. Меніңше, компания жобаны жетілдіріп, оны тиісті қалыпта қайта ұсынуға мүдделі. Оларда уақыт бар. Жобаны тоқтату немесе созу мақсатымыз жоқ. Біз жай ғана - жарамайды деп айтып отырғанымыз жоқ, әр пункт бойынша түсіндіріп отырмыз», - деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің төрағасы Данияр Ереншінов. 

Мұндай мәлімдемені Д.Ереншінов Теңіз кен орны орналасқан Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласында жасады.

Қазіргі уақытта Теңізде екі зауыт жұмыс істеуде. Мұнайдың жылдық өндірісі  25 млн. тоннаны құрайды. Құрылысы 2012 жылы басталуы тиіс болған үшінші зауыт іске қосылғаннан кейін өндіріс көлемі 36 млн. тоннаға жетеді. Құрылыстың жүргізілуі барысында зауытта 16 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылады. Бұл солтүстік-каспий жобасының жер үсті және теңіздегі бөлігінде құрылыс жұмыстары аяқталып, мыңдаған жұмысшылар мен мамандар қысқартуға түсіп жатқан қазіргі кезде Атырау  облысы үшін аса маңызды.

АТЫРАУ. 22 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту