«ҚазМұнайГаз» басқарудың орталықтандырылған интеграциялық жүйесін енгізбек

размер шрифта: Aa | Aa
23.10.2012 11:54
Қоғам қажеттілігінің өсуін есепке ала отырып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  компаниялар тобы Әлеуметтік Жауапкершілік пен Тұрақты Дамуды басқару процесін қайта құрылымдау жөніндегі  жобаны жүзеге асыруда.

altМақсат - қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес басқарудың орталықтандырылған интеграциялық жүйесін енгізу. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Әлеуметтік Жауапкершілік пен Тұрақты Дамуды басқару басқару саласында халықаралық стандарттарды пайдалану жетекші халықаралық корпорациялардың күнделікті тәжірибесіне айналуда. Қазақстанда халықаралық стандарттарды халықаралық және жеке елдік ІРО-ларға, ұлттық компанияларға, оның ішінде мұнайгаз секторына кіретін компанияларға енгізіп жатыр. Осыған орай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасы мұнайгаз компаниялары тәжірибесінде Әлеуметтік Жауапкершілік пен Тұрақты Дамуды басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу бойынша белсенді позиция ұстанады», делінген баспасөз хабарламасында.

Жоба аясында Қазақстанда бірінші рет мынадай міндеттер жүзеге асырылуда: ұлттық мұнайгаз холдингінің ӘЖТД орталықтандырылған интеграциялық басқару жүйесін құру, ӘЖТД басқарудың халықаралық стандарттарын жүйелі түрде енгізу, қаржылық емес есеп беру, аудит, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес жауапты қызметкерлердің біліктілігін көтеру процесін ұйымдастыру. «Біз тұрақты даму мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі принциптерін сабақтастыра енгізу күнделікті іскерлік тәжірибені неғұрлым тиімді ете түсетініне, стейкхолдерлердің ашықтығы мен өзара біріккен іс-қимылға ықпал ететініне, акционерлер мен инвесторлар қатынастарының жариялылығын қамтамасыз ететініне сенімдіміз.    Біз қазірдің өзінде компаниялардың тәжірибесінде әлеуметтік жауапкершілік саласындағы белгілі бір халықаралық стандарттар форматын қолданамыз. Біздің компаниялар тобы бойынша халықаралық GRI (Global Reporting Initiative) есеп беру жүйесін енгізуде тәжірибеміз бар. Ол экология, кәсіпорындарда еңбекті қорғау, әлеуметтік жауапкершілік саласында компанияның еңбек және қызмет жағдайлары мәселелері бойынша ұсынысты және ақпаратты талдауды жеңілдетеді. Ал БҰҰ-ның ғаламдық келісімшарт талаптарына компания сонау 2006 жылы қосылған», - дейді «ҚМГ» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ляззат Қиынов.

Жобаға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ҚМГ ҰК АҚ компаниялар тобының адам ресурстарын басқару, қоғамдық байланысты басқару, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік, әлеуметтік жобаларды басқару саласы бойынша басшылары мен жетекші мамандары қатысады.   

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ҚазМұнайГаз
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту