Қазақстан-Австрия экономикалық форумы нәтижесінде 170 млн еуроны құрайтын құжаттарға қол қойылды

размер шрифта: Aa | Aa
24.10.2012 12:31
Вена қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Австрия экономикалық форумы нәтижесінде жалпы сомасы 170 млн еуроны құрайтын 19 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Kaznex Investэкспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі.

«Бүгін Вена қаласында өткен Қазақстан-Австрия экономикалық форумы нәтижесінде жалпы сомасы 170 млн еуроны құрайтын 19 құжатқа қол қойылды. Іскерлік шара Австрияда ресми сапармен жүрген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және АР Федералды Президенті Х.Фишердің қатысуымен өтті», - делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.

Форумның алғашқы құжаты – Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесін (ҚАІК) құру туралы меморандумға ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен АР Экономика палатасы екі ел басшыларының қатысуымен қол қойды.

Айта кету керек, бүгін қол қойылған құжаттардың 10-ы  инвестициялық құжаттар болып табылады және олар 158,7 млн еуроға бағалануда. 

Атап айтқанда, олардың қатарында «Қазмұнайгаз» ҰҚ» АҚ мен «OMV_Petrom S.A.» компаниясы арасындағы Қазақстан аумағында мұнай мен газды бірлесіп барлау және өндіру, Түркия аумағында мұнай өнімдерінің бөлшек саудасын іске асыру, шетелдегі «OMV_Petrom S.A.» жобалары бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ, Қазақстанда мұнай-газ машиналарын жасау салаларындағы өзара түсіністік туралы меморандум бар. 

ҚР ИЖТМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі бірден 7 меморандумға қол қойды: K&K Natural Resources GmbH-мен («Copper KZ-CA» ЖШС және «Astana PromInvest» ЖШС-мен бірлесіп) Борлы мыс-молибден кен орнын пайдалану; «Herz Armaturen GmbH»-мен («Astana PromInvest» ЖШС-мен бірлесіп) құрылыс материалдарын өндіру бойынша; Christof Holding AG и LGP-Infrastruktur- und Projektentwicklung GmbH-мен құрылыс саласына инвестициялар тарту бойынша.

Австрия компаниялары KAZNEX INVEST қолдауымен тағы да бірқатар жобаларға қатысуды жоспарлауда: AVL List GmbH – моторлар мен қозғалтқыштар өндіруде, DOPPELMAYR Seilbahnen GmbH – туризм саласында, REBLOC GmbH – құрама бетон жүйелерін өндіруде. Австрия-Қазақ қоғамы Қазақстанға әлеуетті австриялық инвесторларды тартуда агенттікпен ынтымақтастықта болады.

Бұлардан өзге, инвестициялық жобалар қатарына Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік пен «Досфарм» ЖШС-нің қан тамыры стенттері мен катетерлер өндіру бойынша Products+Features Vertriebs компаниясымен меморандумы, сондай-ақ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ, «Қазцентрэлектропровод» және Frauscher Sensortechnik GmbH арасындағы индукциялы сенсорлық технологиялар өндіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум енді.

Жалпы 1995 жылдан 2011 жылға дейін Австриядан Қазақстанға салынған инвестиция көлемі шамамен $2,5 млрд құрады.
 

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту