Қазақстан-Чехия бизнес форумы аясында $250 миллионнан асатын бірқатар келісімдерге қол қойылады деп жоспарланып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
24.10.2012 12:33
Қазақстан-Чехия бизнес форумы аясында $250 миллионнан асатын бірқатар келісімдерге қол қойылады деп жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Қазақстан Респубикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасына ресми сапары аясында.

«Ертең Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтеді, оның аясында жалпы құны 250 миллионнан асатын ондаған жаңа коммерциялық жобаларға қол қойылады, ал бұл мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Менің бүгінгі сапарым елдеріміздің арасындағы әріптестікті нығайтады деп үміттенемін», - деген Қазақстан президентінің келіссөздер қорытындысы бойынша брифингте сөйлеген сөзі сейсенбі күні Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта келтірілген.

Мемлекет басшысы 2011 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 800 миллион доллардан асқанына және оны арттыруға барлық жағдай жасалғанына тоқталды.

«Қазақстанда чех компанияларының 20 шақты өкілдігі және 76 бірлескен кәсіпорны жұмыс жасайды. Біз Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуге ниеттіміз», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Н.Назарбаевтың пікірінше, Чехия - қатаң экономикалық дағдарыс жағдайында өзінің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтаған санаулы мемлекеттің бірі.

«Біздің елдеріміздің өзара бірін-бірі толықтыратын экономикасы бар. Соңғы онжылдықта біз ұқсас экономикалық реформалар жүргіздік. Чехияның бұл саладағы тәжірибесі Қазақстан үшін қызықты», - деп атап өтті Қазақстан президенті.

Өз кезегінде Чехия Республикасының президенті Вацлав Клаус Қазақстан президенті сапарының екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тереңдете түсуде маңызды стратегиялық мәні бар екеніне тоқталды.

«Біз Қазақстанды стратегиялық маңызды серіктесіміз санаймыз және ынтымақтастықты күшейтуге мүдделіміз. Біз экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды көздеп отырмыз-бүгінде оны өсіру үшін үлкен әлеует бар.(…) Мен біздің өзара қарым-қатынастарымыз тек қана өсе береді деп сенемін», - деді Вацлав Клаус.

Чехия Республикасының президенті Чехия мен Қазақстан арасында шешілмеген айтарлықтай түйткілдер жоқ екенін атап өтті. 

Кездесу соңында Н.Назарбаев Чехия президентіне шақырғаны үшін алғысын білдірді және оның бұл дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толу қарсаңында өткен Чехияға бірінші ресми сапары екендігін айтты.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, келіссөздер қорытындысы бойынша әскери саладағы, денсаулық сақтау және медицина ғылымы салаларындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге, Шығыс Қазақстан облысы мен Пльзенск өлкесі арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-технологиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту