«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалду қызметтеріне тарифтерді көтереді

размер шрифта: Aa | Aa
01.11.2012 10:48
«ҚазТрансОйл» АҚ үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан бастап магистральды құбырлар жүйесімен мұнай тасымалдау қызметтеріне тарифтерді көтереді, делінген компанияның ақпаратында.

«ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды құбырлар жүйесімен мұнай айдау бойынша реттелетін қызметке жаңа тарифтер енгізеді: экспортқа 4732,6 теңге/1000 тн км ҚҚС-сыз, ішкі нарыққа 1 954,5 тенге/1000 тн км ҚҚС-сыз», - делінген сәрсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.

«ҚазТрансОйл» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК-ының құрамына кіреді және жалпы ұзындығы 5,3 мың км болатын магистральды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан мұнайын тасымалдаушы бас оператор болып табылады. Бүгінгі күні компания Қазақстанда өндірілетін мұнайдың жалпы көлемінің 60%-ға жуығын тасымалдайды. 

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту