БҚО коммуналдық кәсіпорындарының «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға қарызы 939,9 млн. теңгеге жетті

размер шрифта: Aa | Aa
26.10.2012 11:02
Батыс Қазақстан облысы коммуналдық кәсіпорындарының «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға қарызы 939,9 млн. теңгеге жетті.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде «Жайықжылуқуат» АҚ-ның берешегі - 829,6 млн. теңге, «Ақсайжылуқуат» МКК-нікі - 110,3 млн. теңге.

Облыстық мәслихаттың таяудағы сессиясында коммуналдық кәсіпорындарға 625 млн. теңге («Орал су арнасы» МКК-ға - 132 млн. теңге, «Жайықжылуқуатқа» - 468 млн. теңге) бөлу қарастырылуда. «Орал су арнасы» электр қуаты үшін қарызды жабу мақсатында 89 млн. теңге қаржыны «Жайықжылуқуатқа» және 43 млн. теңгені «Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ-ға аударады. «Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» өз кезегінде «Жайықжылуқуатқа» бережағынан құтылады. Соның нәтижесінде «Жайықжылуқуат» АҚ 625 млн. теңгені газға бережақтың орнын толтыруға жұмсайды.

Қазіргі кезде соттың шешімімен «Жайықжылуқуат» есепшотындағы 56 млн. теңгеге шектеу қойылған, ол газға төлемге аударылады.

Орал қаласы әкімдігі «Жайық жарығы» МКК-нің электр қуаты үшін «Жайықжылуқуатқа» 29,5 млн. теңге, «Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ-ға 11,5 млн. теңге бережағын өтеу үшін қаржы бөлуді ойластыруда. Осы қаржы түскенде, «Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ-ға «Жайықжылуқуатқа» қалған 50 млн. теңге қарызын жабуға мүмкіндік туады.

Бөрлі ауданы әкімдігі «Ақсайжылуқуаттың» 69,6 млн. теңге бережағын өтеуді қамтамасыз етті. 7,1 млн. теңге сот арқылы өндірілсе, 4 млн. теңгеге шектеу қойылды, басқа да шаралар алынуда. 

Автор:Елжан Ералы
ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ЭкономикаЭнергетика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту