«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы Атырау облысының газбен жабдықтау нарығына енді

размер шрифта: Aa | Aa
01.11.2012 11:04
 «ҚазТрансГаз» компаниялар тобы соңғы тұтынушылар үшін ұсынылатын тауарлық газды тасымалдау және сату жөніндегі қызметтер нарығын кеңейтуге тағы бір маңызды қадам жасап отыр.

Бұған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның бүгін  Атырау облысының газбен жабдықтау нарығында ресми түрде бірыңғай оператор ретінде жұмысқа кірісуі нақты дәлел бола алады. Қыркүйек айында қол қойылған Меморандумға сәйкес Атырау облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты негізінде Атырау өндірістік филиалы өз қызметіне кірісті.

Қазіргі уақытта аймақтың газ құбырларын және ондағы құрылғыларды, сонымен қатар ғимараттар, арнайы техникалар, автокөліктер және өзге мүліктерді Атырау облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беру шарасы жүзеге асырылуда. Меморандум шеңберінде «ҚазТрансГаз Аймақ» өңірді үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар, Атырау облысының газ тарату жүйелерін пайдалануға қатысы бар қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтауға кепілдік береді. Атырау облысындағы пайдаланылатын газ құбырларының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайды. Облыс бойынша тауарлық газды тұтынудың жылдық жалпы көлемі 1,3 млрд. текше метрді құрайды. Компания ондағы газ тасымалдау желілерінің өткізім қабілетін арттыруды және жаңа абоненттерді газдандыруға қажетті база қалыптастырып, өндірістік кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік жасауды мақсат етіп отыр.

Жалпы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен 2002 жылы сәуір айында құрылған. Оның акционері «ҚазТрансГаз» АҚ. ҚазТрансГаз Аймақ   қызметі тарату құбыр жолдары арқылы газ тасымалдауға, тұтынушыларды, коммуналдық-тұрмыстық, өндірістік кәсіпорындарды апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды басқаруға бағытталған. Қазіргі кезде ол елдегі тауарлық газ өткізу нарығының 90 пайызын қамти отырып, республиканың  9 аймағының 8-де, нақты атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарына қызмет көрсетеді.

 
АЛМАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту