«ҚазМұнайТеңіздің» орталық кеңсесі Астанадан Ақтауға көшеді

размер шрифта: Aa | Aa
06.11.2012 10:32

«ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ (ҚМТ) орталық кеңсесі Астанадан Ақтауға көшеді, делінген компанияның ақпаратында.

«2012 жылдың 19 қазанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесі «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ еншілес компаниясының орналасу орнын өзгерту туралы шешім қабылдады», - делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.

ҚМТ-нің Ақтауға көшуі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз жобаларын басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметі мен басқару құрылымын оңтайландыру қажеттілігіне байланысты.

ҚМТ компанияның орталық кеңсесінің теңіз мұнай-газ операциялары жүзеге асырылатын аймақта орналасуы «жедел басқарушылық шешімдерді қабылдау процесін елеулі түрде жеделдетіп, оң экономикалық нәтиже береді» деп үміттенеді.

«ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ 2003 жылдың наурызында құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ының 100% еншілес кәсіпорны болып табылады. 

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ –
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту