Қашағанда алғашқы мұнайды өндіру 2013 жылғы наурыздың соңында басталады - NCOC басқарушы директоры Пьер Оффан

размер шрифта: Aa | Aa
07.11.2012 10:59
altАтырау облысының Қашаған кен орнында алғашқы мұнайды өндіру 2013 жылы наурыз айының соңында басталады, деп хабарлады NCOC  компаниясының басқарушы директоры Пьер Оффан.

Бұл мәлімдемені П. Оффан Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен болған кездесуде жасады. Онда әңгіме Солтүстік-Каспий жобасындағы қазақстандық мазмұн, оның экологиялық құрамдасы, сондай-ақ теңіздегі және жер бетіндегі нысандардың шикізатты өндіруге дайындығына қатысты болды.

П. Оффанның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні шетелдік мамандарды қазақстандықтармен алмастыру 80 пайыздан астамды құрайды. Өткен жылы Қашағанды игеру бойынша консорциумның қатысушыларымен 3 млрд. долларға қазақстандық компаниялардан тауар сатып алынды. Бүгінгі күні жер бетіндегі кешеннің жұмыстары 83 пайызға, теңіздегі 62 пайызға аяқталып қалды.

АТЫРАУ. 6 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газҚашағанКаспий
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту