«ҚазТрансОйл» дивидендтері кем дегенде компанияның 40 пайыз таза пайдасын құрайтын болады - Қ. Қабылдин

размер шрифта: Aa | Aa
07.11.2012 11:02
"ҚазТрансОйл" дивидендтерінің көлемі кем дегенде компанияның 40% таза пайдасын құрайтын болады.

Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

 "Біз дивидендтік саясатты өзгерттік. Енді компанияның кем дегенде 40%-ы дивидендтерді өтеуге бағытталады",-дейді Қ.Қабылдин. "Бұл көрсеткіш қазіргі уақытта Қазақстан қор биржасында орналастырылған компаниялардың арасында ең жоғары болып отыр",- дейді ол.

Бұрын хабарланғандай, «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында 40 млн дана көлемінде қарапайым акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл компания акцияларының жалпы сананың 10% құрайды. Акцияларға жазылу 6 қарашадан 5 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Қ.Қабылдиннің айтуынша, инвесторлар ішінен басымдық жеке салымшыларға беріледі, яғни ҚР азаматтарына, содан соң зейнетақы жинақтаушы қорлардың өтініштері қанағаттандырылады. Сонымен қатар, бір адам 7 000 000 теңгеден аспайтын сомаға КТО акциясын сатып алатындай шектеу қойылған.

ҚТО бір қарапайым акциясының құны 725 теңгені құрайды.  Ол UBS және «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ кеңесшілірінің кеңестері негізінде құралған.

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚазТрансОйлҚ.Қабылдин
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту