«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ-ның орталық офисі Ақтау қаласына көшеді

размер шрифта: Aa | Aa
07.11.2012 11:04
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ орталық офисінің Ақтау қаласына көшетіні  туралы хабарлады.  

  ҚМТ-ны Ақтау қаласына көшіру Каспий теңізінің қазақстандық секторында жобаларды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады, сондай-ақ  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  қызметі мен басқару құрылымын оңтайландыру қажеттілігіне негізделеді.

  ҚМТ компания орталық офисінің тікелей мұнай-газ операциялары жүргізілетін өңірде  орналасуы басқарушылық шешімдерді шұғыл қабылдау үдерісін едәуір жеделдетеді және оң экономикалық әсер тигізеді деп күтеді.

  ҚМТ орталық офисі Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, «Звезда Ақтау» бизнес орталығында орналасады.

 «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ  2003 жылғы 14 наурызда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100 % еншілес кәсіпорны болып табылады

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ҚазМұнайГазҚазМұнайТеңіз
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту