«Кәсіпқор» холдингі мұнай-газ саласында мамандар дайындау үшін жаңа орталық ашты

размер шрифта: Aa | Aa
07.11.2012 11:07
Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Кәсіпқор» холдингі APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) Аймақаралық кәсіптік мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындайтын және қайта дайындайтын жаңа орталыққа студенттерді қабылдайтындығын жариялады.

 altБұл туралы аталмыш қордың баспасөз   қызметі хабарлады.

 APEC Petrotechnic білім бағдарламалары халықаралық серіктесі SAIT Polytechnic - Оңтүстік Альберта технология институтымен бірігіп дамытылды.

Студенттерді қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

  • - Мұнай және газды шығару технологиялары;
  • - Құралдарды бақылау және автоматтандыру технологиясы;
  • - Кен орындарын қолдану.

Білім бағдарламалары халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалып, әлемдік тәжірибені қолдану мақсатында, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік мұнай-газ компанияларының сұраныстарына сәйкес дайындалды.

APEC Petrotechnic ерекшеліктері:

  • - білім беру ағылшын тілінде жүзеге асырылады;
  • - білім алу ақысыз;
  • - Қазақстандық және шетелдік үлгідегі дипломдар алу мүмкіндігі (SAIT Polytechnic дипломы және сертификаты);
  • - қазіргі күннің құрал-жабдықтарында практикалық тәжірибе алу;
  • - мұнай-газ компанияларымен тығыз байланыс.

APEC Petrotechnic 11-і сыныптың, сонымен қатар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибеде жетілдіріп, шынайы жұмыс жағдайында қажетті машықтарға жетуді мақсат қойған колледждер мен ЖОО-ның студенттері  оқуға тапсыра алады.

Студенттерді қабылдау ағылшын тілі, математика, физика және химия пәндерінен емтихандар тапсыру бойынша жүзеге асырылады.

Білім беру 2013 жылдың қаңтарынан басталып, студенттер foundation - бастапқы білім алу бағадарламасына қабылданады. Ол 2013 жылдың тамызына дейін созылмақ. Бағдарламаның мақсаты ағылшын тілі мен мұнай-газ саласындағы жалпы кәсіби пәндер бойынша білім беру болып табылады. Foundation бағадарламасын сәтті тәмамдаған студенттер 2013 жылдың қыркүйегінен бастап оқуларын таңдап алған техникалық бағдарлама бойынша жалғастыра алады.

APEC Petrotechnic білім орнына оқуға түсу туралы қосымша ақпаратты «Кәсіпқор» Холдингінің www.kasipkor.kz сайтынан білуге болады.

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: БілімМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту