Ақтауда «Мұнай, Газ және Инфрақұрылым - 2012» көрмесі ашылды

размер шрифта: Aa | Aa
07.11.2012 11:08
Ақтауда «Мұнай, Газ және Инфрақұрылым - 2012» 7-ші жыл сайынғы көрмесі ашылды.

Экспозицияның орталық стендтерінде кен орындарын барлау және өндірумен айналысатын мұнай және газ компаниялары: «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз», «MAERSK Oil Kazakhstan», «МаңғыстауМұнайГаз» және «Қарақұдықмұнай» орын алды. Ресейлік экспоненттердің арасында бұрғылау құбырларын, бұрғылау параметрлерін бақылау, өлшеу және тіркеу және ұңғымаларды күрделі жөндеу құралдары мен жүйелерін шығарушылар; мұнай және газ, химия, т.б. өнеркәсіп үшін құбыр арматурасын шығаратын кәсіпорындар, сондай-ақ газ үйлестіру жүйелерін өндіруші компаниялар болды.alt

Румыниядан келген компания өзінің мұнай жабдықтарын ұсынды. Италиялық компания сүзгі жабдықтарын, газ сүзгілері мен сұйықтарға арналған сүзгілерін ұсынды. Көрмеге қатысуға әлемнің түрлі елдерінен 100-ге жуық компания өтініш білдірді, бұл өткен жылғы қатысушылар санынан 12 пайызға көп.alt

«Көрме өзінің тартымдылығын сақтауда. Ол жергілікті әлеуетті көрсету алаңына, мұнай саласы, қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кездесетін орнына айналды, бұл іскерлік байланыстарды, кездесулер мен пікірталас орнату және қолдаудың тамаша мүмкіндігі», - деді көрмені ашқан Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов.

Жергілікті мұнай компанияларының өкілдері, көрменің қатысушылары ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігін тоқталды.

АҚТАУ. 6 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Маңғыстау облысыМұнай-газӘкім
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту