Total екі қазақстандық мұнай барлау блоктарының 75% сатып алды

размер шрифта: Aa | Aa
09.11.2012 13:05
Total екі қазақстандық концессия – «Солтүстік» және «Оңтүстік» блоктарынан 75%сатып алды, бұған дейін бұл екеуін қазақстандық «Нұрмұнай Петрогаз» ЖШС игерген болатын, делінген француздың мұнай компаниясының ақпаратында.

altҚұжатқа сәйкес, құрлықтағы екі блоктың ауданы 14,5 мың шаршы метрді құрайды және олар оңтүстік-батыс Қазақстанда орналасқан.

Жақында қазақстандық мемлекеттік органдар мақұлдаған мәміле Total компаниясының Каспий теңізіндегі активтерін көбейте түсті. Total жаңа оператор ретінде сейсмологиялық барлау мәліметтерін сатып алып, 2013 жылы бұрғылау жұмыстарын бастайды.

«Кен орындарындағы «Нұрмұнай Петрогаз» ЖШС-інің үлесін сатып алу Total компаниясының барлаудағы стратегиясының бір бөлігі болып табылады және топтың Қазақстандағы қатысу үлесін күшейтеді, компания әлеуеті мол өңірде оператор ретіндегі тәжірибесін қолдануды жоспарлап отыр», - деп мәлім етті Total-дың барлау құрылымының басшысы Ив-Луи Дарикарер.

Total Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді, Солтүстік Каспийдегі Қашаған жобасында оның 16,8% үлесі бар.

Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту