«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнайшылары медиаторлар атанды

размер шрифта: Aa | Aa
09.11.2012 10:09
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнайшылары медиаторлар атанды. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның орта буын менеджерлері, барлығы 11 адам бүгін «Әлеуметтік-еңбек даулары мен жанжалдарындағы медиация» курсын аяқтағаны туралы сертификат алды. Оны «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ «Әлеуметтік серіктестік орталығы» жанындағы медиацияның корпоративтік және келіссөздер орталығы ұйымдастырды.

«Бұл біздің орталықтың Маңғыстаудағы алғашқы аймақтық семинары. Ол мұнайшылар үшін ұйымдастырылды. Аталған сертификат оларға кәсіпорында, аймақта және жалпы Қазақстандағы дауларды шешуге ресми түрде кірісуге мүмкіндік береді. Алайда, медиатордың сертификаты немесе куәлігі адамның шын мәнінде медиатор болғанын білдірмейді. Ол үшін тек жұмыс барысында алынатын тәжірибе болу керек, оған қоса бұл үлкен жауапкершілік», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ «Әлеуметтік серіктестік орталығының» директоры Нұрлан Ерімбетов.

Бес күнге созылған курс барысында тыңдаушылар медиацияның қағидаттары және ережелерімен танысып, тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Алынған дағдылар курс бітірушілеріне бұған дейінгі білімдері мен тәжірибесін жүйелеуге, әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы дауларды сауатты әрі тез реттеуге мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас семинарлар Қызылорда және Ақтөбе қалаларында өтті, ендігі кезекте Орталық Қазақстан: Шымкент және Алматы қалалары тұр.

АҚТАУ. 9 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: «Самұрық Қазына» ҰӘҚ«ҚазМұнайГаз»Маңғыстау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту