Ескене кентінен 80 отбасы Атыраудан пәтер кілттерін алды

размер шрифта: Aa | Aa
09.11.2012 10:13
Бүгін Атырау облысының Мақат ауданындағы Ескене кентінен 80 отбасы Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданынан жаңа пәтерлердің кілттерін алды.

Ескене тұрғындарының көші-қонына қаржыны «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бөлді.

Байшонас және Ескене -  «Ембімұнайгаз» АҚ игеріп жатқан кеніштермен аттас кенттер. Тұрғындарды Атырау қаласына көшіру қажеттігі Байшонас және Ескене кеніштерінің пайдасы төмендей түсуінен және осы елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық күрделі жағдайға байланысты туындады.

2012 жылғы мамырда «ҚМГ Барлау Өндіру» директорлар кеңесі Мақат ауданының Байшонас және Ескене кенттерінің тұрғындарын облыс орталығына көшіруге және Атырау қаласынан тұрғын үй сатып алуға 5,4 млрд. теңге бөлу жөнінде шешім қабылдады. Бұл қаражат толық көлемінде осы жобаның операторы - Атырау облысы әкімдігінің есепшотына аударылды.

«Біздің компания Байшонас және Ескене кенттері тұрғындарын көшіруге белсене атсалысуда. Дегенмен кенттерде өмір одан әрі жалғасады. Олар «Ембімұнайгаз» кеніштері жұмысшыларының вахталық қалашығына айналады. Біз мұнайшылардың вахтада жайлы  жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасаймыз», - деді «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Алик Айдарбаев кілттерді тапсыру салтанатында.

АТЫРАУ. 9 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыТұрғын үй
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту