Шымкент тұрғындары күннің күрт суытуынан газ проблемасына тап болды

размер шрифта: Aa | Aa
15.11.2012 10:27
 Шымкенттегі бірнеше шағынауданның жекеменшік үйлерінде газды беру іркілістері басталды.

Оның тұрғындары кешке қарай қысымның төмендейтініне сендіруде. Адамдар плитада ас әзірлеуден ғана емес, өз үйлерін жылыту мүмкіндігінен де айырылды. Ал газ компаниясының өкілдері жағдайдың осындай болуына тұрғындардың өздерін кінәлауда. «ҚазТрансГаз» компаниясының бас инженері Серікхан Байзақовтың айтуынша, мәселе адамдардың газ құбырын техникалық талаптарды сақтамай өткізгенінен, яғни гидравликаны бұзушылықпен жасағанынан туындады.

Шымкентте күннің күрт салқындауынан 13 қарашаның кешінде көгілдір отынды жұмсау 100 мың текшеге дейін өсті. Ал газ құбырындағы бұзушылықтар бар жерде қысым күрт төмендеді.

Компания өкілдері қазіргі таңда жағдайды қалпына келтіру үшін мүмкін жұмыстардың барлығын атқарып жатқанын айтады.

ШЫМКЕНТ. 14 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газОңтүстік Қазақстан облысыҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту