«Маңғыстаумұнайгаз» басшысы болып Сунь Синъюнь тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
15.11.2012 10:34
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) бас директоры болып Сунь Синъюнь тағайындалды, деп айтылған сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарда.
Құжатта айтылғандай, ММГ директорлар кеңесінің 2012 жылғы 12 қарашадағы шешімімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқарма мүшелері – бас директоры Әсет Мағауиннің бас директордың орынбсары Сунь Синъюнның өкілеттіктері 14 қарашадан бастап тоқтатылды.
Жоғарыда аталған шешіммен 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасының жаңа құрамы сайланды. Олар – бас директор С. Синъюнь, бас директордың бірінші орынбасары Махамбет Досмухамбетов.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ көмірсутегі шикізатын барлаумен, өндірумен және сатумен айналысады. Кәсіпорынның акциялар пакетінің 90 пайызына - Central Asia Petroleum Ltd., компаниясы, қалған 10 пайызына - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ –ның ұжымы иелік етеді.
«Маңғыстаумұнайгаздың» қарамағында 36 мұнай-газ кеніші бар, оның 15-і игерілуде. Шикізат қоры бойынша ең ірілері Қаламқас пен Жетібайда өндіріліп отырған мұнайдың (128,9 миллион тонна) 88,8 пайызы шоғырланған.
 

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту