Қазақстан «Қазтрансгаз-Тбилиси» компаниясын басқару құқығын өзіне қайтаруға ниетті

размер шрифта: Aa | Aa
19.11.2012 14:11
Қазақстандық тарап «Қазтрансгаз-Тбилиси» газ тарату компаниясын басқаруды өзіне қайтаруға ниетті.

Бұл туралы жуырда Тбилисиде Грузияның қаржы министрі Нодар Хадури өзінің қазақстандық әріптесі Болат Жәмішевпен болған кездесуден кейін мәлім етті.

Кездесуден кейін Хадури мәлім еткендей, қазақстандық тарап бұған дейін айырылған компанияны басқару құқығын қайтаруға ниетті.

«Қазір «Қазтрансгаз-Тбилисиде» Тбилиси мэриясы атынан шығып отырған уақытша басқарушы. Қазақстандық тараптың Грузияның Мұнай және газ корпорациясы алдында қарызы бар, бұл мәселе Энергетика министрлігінің құзырында және ол сол деңгейде талқыланатын болады», - деді Н.Хадури.

Грузиялық министр сондай-ақ, Грузияның да Қазақстан алдында қарызы бар екендігін және бұл мәселені талқылауды көздеп отырғандығын атап өтті.

Өз кезегінде Б.Жәмішев қазақстандық тараптың қызығушылығын Грузияның кедендік әкімшілендірудегі тәжірибесі тудырып отырғандығын айтты.

«Грузияда іс жүзіндегі жақсы тәжірибе қалыптасты және біз онымен жіті танысуға ниеттіміз», - деді Б.Жәмішев.

Сенбі күні вице-премьер Ербол Орынбаевтың төрағалық етуіндегі Қазақстан Үкіметінің делегациясы Тбилисиге бір күндік сапармен келді. Делегация құрамына қаржы, көлік және коммуникация министрлері, кедендік бақылау комитетінің төрағасы, салық комитеті төрағасының орынбасары және басқалар кірді.

 Делегация қаржы министрі Нодар Хадуримен, экономика министрі Георгий Квирикашвилимен және энергетика министрі Каха Каладземен кездесулер өткізді.

БАКУ-ТБИЛИСИ. 18 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Қаржы министрлігіҚР ҮкіметіҚазақстандық тауарҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту