Жамбыл облысынан пеш отыны ретінде бес цистерна мұнай экспортқа шығарылмақ болды - облыстық прокуратура

размер шрифта: Aa | Aa
21.11.2012 11:26
Жамбыл облысының аумағы арқылы транзитпен пеш отыны ретінде бес цистерна мұнай өткізілмек болды, деп хабарлады қадағалау органынан.

Облыстық прокуратураның 1-ші басқармасының бастығы Бекзат Сейілхановтың айтуынша, 5 қараша күні «Энергетикалық» кеден бекетінде экспорттауға тыйым салынған тауар ресімделді.

«Берт Ойл» ЖШС-нің тауарларының декларациясындағы ақпараттың шынайылығын тексеру кезінде бес теміржол цистернасында көміртек шикізатының сынамалары алынып, тиісті акті жасалды. 7 қарашадағы сараптамалық қорытындыға сәйкес, мұнай өнімдерінің алынған сынамалары мұнай болып шықты», - деп түсіндірді Б.Сейілханов.

Бұл ретте, «Берт Ойл» серіктестігі кедендік ресімделуге тапсырған декларациясында пеш отыны экспортталатындығы туралы жазған.

«Жамбыл облысының аумағы - 144,3 мың шаршы шақырым, бұл ретте 644 шақырымы - Қырғыз Республикасымен шекара. Қырғызстандағы арзан кедендік баж, сондай-ақ магистралдық, теміржол тораптарының бар болуы Жамбыл облысын ТМД елдері, Ресей Федерациясы және Беларусьқа тауарларды транзиттеу үшін тартымды етеді. Өкінішке қарай, сыртқыэкономикалық қызметтің жекелеген қатысушыларының контрабандалық тауарларды, соның ішінде көміртек шикізатты тасымалдау оқиғалары орын алуда», - деп баяндады қадағалау органының өкілі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 209-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, оның тергелуі облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасына тапсырылды, деп хабарлады ведомстводан.

ТАРАЗ. 21 қараша. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Басқа меморгандарЖамбыл облысыКеденПрокуратураҚылмыспен күресМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту