Атырау облысында Үкімет басшысы «Қашаған» жобасының бірнеше нысандарын аралады

размер шрифта: Aa | Aa
23.11.2012 11:32
 Бүгін жұмыс сапарымен Атырау облысына келген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов алдымен Каспий теңізінің айдынында орналасқан және Қашаған жобасының инфрақұрылымдық бөлігі болып табылатын «D» жасанды аралына барды.

  Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Ахметов аралдың пайдалану-техникалық кешенінің (ПТК) технологиялық жабдықтарын көріп, Қашағанда мұнай мен газды өндіруге қатысты дайындық жұмыстарының барысымен танысты. ПТК тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өңдеуге есептелген.

 Үкімет басшысы «Қашаған» жобасының тағы бір нысаны «Аджип ККО» компаниясының «Болашақ» зауытының құрылысын да аралап көрді.

         Онда мұнай мен газды кешенді тасымалдау жұмыстарына әзірліктің технологиялық қырлары жөнінде, сондай-ақ зауыттың Қашаған кен орнынан тауарлық мұнайды қабылдауға дайындығы туралы мәселелер сөз болды. Кәсіпорында мұнайды сорғыту, оны қоспалардан тазарту, Қашағанды тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру барысында мұнайды сақтау және экспорттау жүзеге асырылатын болады. Зауыт қуаттылығы жыл сайын 22,5 млн. тонна мұнай мен 6 млрд. текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді

АТЫРАУ. 22 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газҚР Премьер-МинистріАтырау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту