Үкімет басшысы Каспий теңізі алабындағы «D» жасанды аралында Қашаған жобасының инфрақұрылымымен танысты

размер шрифта: Aa | Aa
22.11.2012 11:34
 Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы алдымен Каспий теңізінің айдынында орналасқан және Қашаған жобасының инфрақұрылымдық бөлігі болып табылатын «D» жасанды аралына барды.

Серік Ахметов аралдың пайдалану-техникалық кешенінің (ПТК) технологиялық жабдықтарын көріп, Қашағанда мұнай мен газды өндіруге қатысты дайындық жұмыстарының барысымен танысты. ПТК тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өңдеуге есептелген.

Премьер-Министр «Қашаған» жобасының тағы бір нысаны «Аджип ККО» компаниясының «Болашақ» зауытының құрылысын да аралап көрді.

Онда мұнай мен газды кешенді тасымалдау жұмыстарына әзірліктің технологиялық қырлары жөнінде, сондай-ақ зауыттың Қашаған кен орнынан тауарлық мұнайды қабылдауға дайындығы туралы мәселелер сөз болды. Кәсіпорында мұнайды сорғыту, оны қоспалардан тазарту, Қашағанды тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру барысында мұнайды сақтау және экспорттау жүзеге асырылатын болады. Зауыт қуаттылығы жыл сайын 22,5 млн. тонна мұнай мен 6 млрд. текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ҚР Премьер-МинистріАтырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту