«Қашаған» кен орнынан мұнай өндіру бірнеше айдан кейін басталады - НКОК басқарушы директоры

размер шрифта: Aa | Aa
22.11.2012 11:35
Солтүстік-Каспий жобасы аяқталуға жақын, деп хабарлады НКОК басқарушы директоры Пьер Оффан ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Атырау облысына жасаған жұмыс сапары барысында.

П.Оффанның айтуынша, кен орнынан алғаш рет мұнай өндіру бірнеше айдан кейін басталады. 2013 жылдың ортасында өндіру тұрақты режимге өтеді. «Қашаған» кен орнында мұнай өндіру тәулігіне 370 мың баррельден бірінші кезеңде тәулігіне 450 мың баррельге дейін жеткізіледі.

Қоры 8 млрд. баррельге бағаланатын «Қашаған» кен орнында қазіргі таңда әрқайсысының тереңдігі 5 шақырымнан асатын 41 ұңғыма бұрғыланды немесе бұрғылану үстінде.

 
АТЫРАУ. 22 қараша. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР Премьер-МинистріАтырау облысыМұнай-газКаспий
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту