НКОК компаниясы «Қаламқас-теңіз» кенішін игеруді жоспарлауда - Атырау облысы

размер шрифта: Aa | Aa
23.11.2012 11:37
 Солтүстік Каспий жоабасымен айналысатын мұнай компаниялары консорциумы «Қаламқас-теңіз» теңіз кенішін игеруді жоспарлауда.

«Біз Қазақстан Үкіметімен мынадай жобаларға қатысты келіссөздер жүргізудеміз. Ең алдымен, келіссөздер «Қашағаннан» бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан «Қаламқас-теңіз» кенішін игеруге қатысты. Тиісті шешімге 2012 жылдың соңында немесе 2014 жылдың басында қол жеткізіледі деп ойлаймын. Осы кенішті игерудің тұжырымдамасы таңдалу үстінде. 2013  жылы осы кенішті базалық жобалау фазасы деп аталатын кезеңге кірісуге үміттенеміз», - деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің  Атырау облысына жұмыс сапарының барысында НКОК компаниясының басқарушы директоры  Пьер Оффан.

 «Қаламқас-теңіз» кенішінің геологиялық қоры кемінде 160 млн. тонна мұнайды құрайды деп бағаланып отыр, ал оптимистік болжамдар бойынша - тіпті 1 млрд. тоннаға дейін жетуі мүмкін.

АТЫРАУ. 23 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ҚР ҮкіметіАтырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту