Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры бойынша мұнай тасымалдауға ниетті - ӘР-ның Өндіріс және энергетика министрі Н. Әлиев

размер шрифта: Aa | Aa
23.11.2012 11:38
 Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай өткізу жүйесі арқылы «Қашаған» кен орнын қондырудың екінші кезеңінің аясында мұнай тасымалдауға ниетті.

Бұл туралы бейсенбі күні Бакуде өткен Азия саяси партияларының VII Бас ассамблеясында Әзірбайжанның Өндіріс және энергетика министрі Натиг Әлиев айтты.

Министрдің сөзіне қарағанда, тараптар бұл мәселені Астанада қыркүйек айында өткен экономикалық ынтымақтастық бойынша әзірбайжан-қазақстан үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысында талқылады.

Мұнай тасымалдаудың Транскаспий жүйесі аясында бастапқы кезеңде 23 млн. тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау жоспарлануда, одан әрі бұл көрсеткішті 35 млн. тоннаға, мүмкіндік болса 56 млн. тоннаға дейін арттыру көзделуде.

БАКУ. 23 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ӘзірбайжанҚазақстанның сыртқы саясатыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту