«Шелл» концерні бірқатар мұнай-газ кеніштерін игеруде Қазақстанның маңызды әріптесі болып саналады - ҚР Президенті

размер шрифта: Aa | Aa
30.11.2012 18:21
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Питер Возерді қабылдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қазақстан мен компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

Мемлекет басшысы «Шелл» компаниясы республиканың мұнай-газ саласындағы ерекше мәні бар инвесторының бірі екенін атап өтті.

- Концерн бірқатар мұнай-газ кен орындарына, оның ішінде Қашаған тәрізді ірі кен орнына зерттеу жүргізуде Қазақстанның маңызды серіктесі болып саналады. Біз осы кен орындарын одан әрі зерттеу мәселесін және компанияның біздің еліміздегі жұмысының келешегін талқылауға тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

П.Возер кездесу үшін алғысын айтты және бұл оның Қазақстан астанасына алғашқы сапары екенін атап өтті.

- Бүгінде біздің компания Қазақстанда жемісті жұмыс істеп жатыр. Біз өзара тиімді ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деп үміттенеміз, - деді «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры.

П.Возер Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын үлкен жетістіктерімен - Астанаға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығының берілуімен құттықтады.

«Шелл» компаниясы - түрлі энергетикалық және мұнай-химиялық кәсіпорындарды біріктіретін халықаралық концерн. Компания - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвесторы.            

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан Президенті
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту