Маңғыстау облысына сапармен Италия елшісі Альберто Пиери келді

размер шрифта: Aa | Aa
04.12.2012 12:23
 Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов Италияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Альберто Пиериді қабылдады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, А. Пиери сапарының мақсаты - өңірмен таныс болу, сондай-ақ Маңғыстау облысы және Италияның іскерлік ортасы арасында ынтымақтастық болашағын айқындау.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында 3 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді: «Сага терминал логистикс» ЖШС Ақтау филиалы, «Форес Инжиниринг Қазақстан» ЖШС және «Розетти-Имсталькон» ЖШС. 2012 жылдың 9 айында өңірдің сыртқы сауда көлемінде Италияның үлесі 352,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Маңғыстау облысында елші 2 күн болады, ол Құрық кентіндегі «Ерсай» ЖШС-нің қызметімен және Ақшұқыр кентіндегі «Қазақстан КаспианОффшорИндастриз» («KCOI») ЖШС-нің қызметімен таныс болады.

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Маңғыстау облысыМұнай-газҚазақстан және Еуропа
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту