Қазақстан 10 айда мұнайды $48,2 млрд-қа экспорттады

размер шрифта: Aa | Aa
05.12.2012 09:40
 Қазақстан 10 айда шикі мұнай мен газ конденсатын $48,2 млрд-қа немесе 58,2 млн тоннаға экспорттады, ол 2011 жылғы осындай аралықпен салыстырғанда сан жағынан 0,8%, құны жағынан 6,5%-ға артық, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті.

Қазақстандық мұнайдың ірі сатып алушылары: Италия – 15 млн тоннаны $12,5 млрд, Қытай – 8,4 млн тоннаны $230 млн-ға, Нидерланды – 7,2 млн тоннаны $6,1 млрд, Франция – 5,8 млн тоннаны $4,9 млрд, Румыния – 3,2 млн тонна $2,5 млрд және Швейцария – 2,3 млн тоннаны $1,8 млрд-қа.

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту