Атырау облысында 130 тонна ұрланған мұнай тәркіленді

размер шрифта: Aa | Aa
05.12.2012 12:10
Атырау облысында полиция қызметкерлері 130 тоннадан астам ұрланған мұнайдың заңсыз тасымалына тосқауыл қойды.

Көлік цистернасы бар бірінші автомобильді облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылының маңында тоқтатты. Көлік цистернасының ішінде 30 тонна мұнай болды. Оның жүргізушісінде мұнайдың қайдан шыққанын және кімдікі екенін түсіндіретін ешқандай құжаттары болмады. Көп ұзамай бұл жолда 100 тоннаға жуық мұнай тасымалданған тағы бес көлік тоқтатылды, олардың ешқайсысында да рұқсат құжаттары болмады. Заңсыз тасымалданған мұнайдың жалпы көлемі 130 тоннадан асты.

«Мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау үшін жаза қарастырылған 183 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

АТЫРАУ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыҚР ІІМҚылмыспен күресМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту