
Солтүстік Қазақстанда өңдеу қуаты 12 млн тонна болатын МӨЗ салынады
размер шрифта: Aa | Aa |
14.12.2012 11:18 | ||
Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) Булаево қаласында өңдеу көлемі жылына 12 млн тонна мұнайды құрайтын мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) салынады, деп хабарлады «Казэнергорегион»ЖШС-інің бас директоры Камария Сағындык.
Оның айтуынша, «Казэнергорегион» компаниясы СҚО-да бірнеше зауыт салуды жоспарлап отыр, солардың ішінде МӨЗ де бар. «Бүгінгі күні МӨЗ құрылысы үшін техника-экономикалық негіздеме аяқталды, құрылыстың бастапқы кезеңіне 2 млрд еуро бөлеміз», - деді К. Сағындык бейсенбі күні инвесторлар форумында. Оның мәліметтеріне сәйкес, жобаның жалпы құны - 8 млрд еуро. Кәсіпорынның бас директоры Булаево аудан орталығындағы МӨЗ-дің құрылысына алдағы уақытта да инвестиция салуды жалғастыруға дайын екенін қуаттады. «Зауыттың бірінші кезегі жылына 6 млн тонна өндіреді, біз оның құрылысын 2013 жылы бастауды жоспарлап отырмыз», - деп нақтылады ол. Оның айтуынша, зауыт түрлі маркалы автокөлік бензинін, реактивті және дизель отынын, битум шығарады. «Мұнай өңдеу тереңдігі 95%-дан кем болмайды, технологиялық жоғалтулар – 2-3%», - деді К.Сағындык. «Облыс үшін маңызы зор бұл жоба жүзеге асып, МӨЗ өнімі Қазақстанда да, Ресейдің көрші облыстарында да сұранысқа ие болатынына сенімдімін», - деп атап өтті СҚО әкімі Серік Біләлов жобаға қолау көрсетуге уәде бере отырып.
|